1. Мектепке дейінгі білім беру ұйымы туралы жалпы сипаттамасы.
Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің
" Мейірім " бөбекжай-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мекемесі Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қосшағыл селосы Құрылыс №5 көшесінде орналасқан. «Мейірім» бөбекжай-бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мекемесінің ғимараты 2016 жылы салынған. Жер көлемі 1765,2 шаршы метр. Сыйымдылығы 160 орындық, 7 топта 160 бала тәрбиеленуде. Бөбекжай-бақша өзінің қызметін келесі құжаттар негізінде жүзеге асырады:
• Заңды тұлғаның байланыс деректері: Телефон: 8-(71237) 2-82-69
Электронды адресі: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
• Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері: Саурова Насипа Конирбаевна Атырау облысы, Жылыой ауданды Қосшағыл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы
• №52-ө бойынша тағайындалған; Байланыс телефоны: 8-778-120-16-67
• Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы 06.02.2017 жылы «Атырау облысы Әділет департаментінің Жылыой ауданның Әділет басқармасының» анықтамасы және жер кадастрлы № 04:059:011:1240:1/А.
• Алғашқы мемлекеттік тіркеу күні 2017 жыл 06 ақпан;
• Бизнес сәйкестендіру нөмірі : 170240006079;
• Бөбекжай-бақшаның құрылтайшысы – Қазақстан Республикасы «Атырау облысы Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі. Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 480 бұйрығымен бекітілген құрылды;
• Рұқсат беру құжаттары: Қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы № KZ28RVK00015794 хабарлама. Берілген күні: 11.01.2018 жыл.
Бөбекжай-бақша учаскесі тұрақты жер пайдалану құқығына ие.
Бөбекжай-бақшаның мекен-жайы: 060108, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қосшағыл селосы, Жылыой көшесі № 5 үй.
2. Тәрбиеленушілердің контингенті
Бала санының топтар бойынша қамтылуы төмендегідей:
|
№ |
Әр жастағы топтар |
Туылған жылы |
Балалар саны |
|
1 |
Ерте жас «Тәй-тәй» |
2019-2020ж |
15 |
|
2 |
Кіші «Сәби» |
2018-2019ж |
20 |
|
3 |
Кіші «Балдәурен» |
2018-2019ж |
20 |
|
4 |
Ортаңғы «Еркетай» |
2017-2018ж |
25 |
|
5 |
Ортаңғы «Қарлығаш» |
2017-2018ж |
25 |
|
6 |
Ересек «Жұлдыз» |
2016-2017ж |
25 |
|
7 |
Ересек «Күншуақ» |
2016-2017ж |
25 |
|
|
Барлығы |
|
150 |
Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады,жолдамалар алып, ата-аналармен элоктронды келісім-шарт Indigo-koschagyl.atyrau.e-orda.kz. автоматтандыру сайты арқылы жасалады. Тізімдегі тәрбиеленушілердің толық жолдамалары бар, журналға тіркелген.
3. Кадрлар құрамын талдау.
Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің Мейірім бөбекжай-балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның соңғы төрт оқу жылындағы штаттық кестесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардығы 77 қаулысы негізіндегі мектепке дейінгі ұйымдардың үлгі штаттық кестесіне сәйкес құрылған.Штаттық кестелер Жылыой ауданы білім бөлімінің басшысымен бекітілген.
Бөбекжай-бақшада барлық педагогтар саны - 22, 1 - меңгеруші, 1 - әдіскер, 1 - саз жетекші, 15 - тәрбиеші жұмыс жасайды. 2 - тәрбиеші декреттік демалыста.
Балабақшамыздың сыртқы бейнесі.

Балабақша педагог қызметкерлері.







